Қоғам

“Күдіктіні іздеу жалғасып жатыр”: Атыраудағы трагедияға қатысты полиция тың деректі айтты

Әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен расталмаған ақпараттар тарап жатыр

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Халықаралық іздеу жарияланған «хакер» маңызды мәлімдеме жасады

Атыраудағы трагедия: Отбасының кіші қызына халықаралық іздеу жарияланды

Атыраудағы трагедия. Марқұмдардың туыстары күдікті күйеубаланың түрін сипаттап бере алмаған

Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында істің қазіргі барысы жөнінде ақпаратпен бөлісті. Оның мәліметінше, қылмыстық іс облыстық Полиция департаментінің өндірісінде және прокуратураның қатаң бақылауында.

Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Нұрболат Сұлтанов тергеу аясында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен расталмаған ақпараттар тарап жатыр. Осыған байланысты тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз, – деді ол.

Прокуратура өкілі іздестіру жұмыстарының тоқтатылмағанын да нақтылады. Оның айтуынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір жұмыстар уақытша шектелген.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Сұлтан мен Ақбаян ажырасқан»: Атыраудағы трагедияға қатысты тағы бір дерек шықты

«Ешқашан фотоға түспеген, намазхан»: Атыраудағы трагедия ісіне күдікті туралы сұмдық жайт

Атыраудағы қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы сұхбат берді

«Шаруаларыңыз болмасын»: Атырауда марқұм болған отбасының ұлы жазған хат тарады

Қардың қалың жаууы мен мұздың қатуына байланысты Қызылқоға ауданында Төтенше жағдайлар департаменті іздестіруді уақытша тоқтатты. Алайда күдіктіні және хабар-ошарсыз кеткен балаларды іздеу жалғасып жатыр, алдағы уақытта бұл шаралар қайта күшейтіледі, – деді Нұрболат Сұлтанов.

Фото: Атырау облыстық ПД

Басқа жаңалықтар

Back to top button