Қоғам

Елімізде бала құқығын қорғайтын арнайы менеджер пайда болады

Тұжырымдама аясында барлығы 20 басқарма құрылады

Қазақстандағы қорғаншылық және қамқоршылық органдарында әр баланы жеке қолдау мақсатында кейс-менеджер лауазымы пайда болады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Қазіргі таңда 4 өңірде (Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары) балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылды, қалған өңірлерде наурыз айына дейін ашылады деп күтіліп отыр. Тұжырымдама аясында барлығы 20 басқарма құрылады.

Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың хабарлауынша, әр баланы жеке қолдау мақсатында қамқоршылық органдарында кейс-менеджер қызметі енгізіледі.

Сонымен қатар қамқоршылық органдарының мамандарына жыл сайын 200 білім беру гранты бөлінеді.

Әрбір баланы жеке қолдау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органдарында кейс-менеджер лауазымы енгізіледі. Педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға жаңа талаптар қойылып, олар жыл сайын оқытудан өтеді, – деді Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жаңа мамандық иелері түрлі мемлекеттік құрылымдар арасындағы негізгі байланыстырушы буын болмақ.

Олардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • Білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары мен психологиялық қызметтердің жұмысын үйлестіру;
  • Әр балаға арналған жеке көмек жоспарын құру және оны іске асыру;
  • Балаға медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

Фото: BAQ.KZ

Басқа жаңалықтар

Back to top button