Қоғам

“Суды тасып ішеміз»: Қабатовтың екінші әйелі қалай өмір сүріп жатқандарын көрсетті

Ол есесіне рухани бай екенін айтты

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы оқырмандарына өзінің тұрмыс-тіршілігінен хабардар етіп, үйінде жиһаз жоқ екенін, ал суды тасып ішетіндерін айтты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Ол, осылайша, “дайынға келдің” дейтіндерге жауап берген.

Ыдысты да қолмен жуамын десем, сенесіздер ме? Бірақ солай. Есесіне рухани баймын. Негізі неше түрлі ас пісіре аламын, бірақ ас үйдегі жиһазым келсін. Сосын патырлатып көрсетіп, салып отырамын. Әзірге лажы осы. Суды да тасып ішіп жүрміз.

“Дайынға келдің, аспаннан салбырап түстің” демеңдер, айналайындар.

Сондықтан үйдің әр бұрышының әдемілігі, иісі мен берекесі әйелге байланысты.

Жоқ деп жылап, қайғырып жатқаным жоқ. Керісінше, шүкір. Адал еңбекпен келген әр бұрышта, әр затта береке бар, түсінген жанға. Осы барыммен күнде тамақ жасап, бірге бөлісіп отырайық, қалай? – деп жазды ол.

Коллаж: SN.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button