Денсаулық

Қандай өнім деменция мен инсульттің алдын алатыны белгілі болды

Олар қан тамырларының қызметіне көмектесіп, ішектегі микробиомның тең болуына көмектеседі

Диетолог Сара Берридің пікірінше, жаңғақ деменция мен инсульт қаупін төмендетеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz Daily Mail-ға сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, қан тамырларының, әсіресе, мидағы тамырлардың зақымдануы деменцияның кейбір түрлері, инсульт, көп ошақты склероз және эпилепсия қаупін арттырады. Ал бадам сияқты жаңғақтарды тұрақты жеу бұл тәуекелді азайтады.

Бадам жүрекке пайдалы майларға, жасұныққа және биоактив қоспаларға бай. Олар қан тамырларының қызметіне көмектесіп, ішектегі микробиомның тең болуына көмектеседі. Бұл факторлар когнитив денсаулықпен және деменцияның даму қаупімен байланысты, – деді маман.

Берри бадамның құрамында қабынуға қарсы әсері бар полифенолдар және аргинин аминқышқылы бар екенін қосты. Ол бұл заттың қан тамырларының саулығы үшін қажет азот оксидін (NO) түзуге қатысатынын түсіндірді.

Фото: kk.healthy-food-near-me.com

Басқа жаңалықтар

Back to top button