Қоғам

«Мынау сұмдық!»: Айгүл Иманбаева бір жұтым су бермеген бортсеріктермен жанжалдасып қалды

Оның сөзінше, мұндай жағдайлар әуе компанияның беделіне кір келтіреді

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ұшақта бортсеріктермен жанжалдасып қалды, деп хабарлайды NewsMedia.

Stan.kz-тің жазуынша, өнер иесі Алматы – Астана бағыты бойынша 953 рейсі арқылы екі немересі және келінімен бірге ұшқан. Бұған қоса, ұшақ ауа райына байланысты екі сағат кешігіп ұшыпты.

Актрисаның айтуынша, аузы берік болғандықтан тамақ ішпей, оның орнына бір бөтелке су сұраған. Ал бортсерік “Бөтелке су жоқ” деп жауап қатыпты. Әнші бұған үндеместен “Онда ауызашар уақыты жақындағанда бір стақан су беріңізші” деп өтініш жасаған.

Ауызашарға 20 минут қалғанда бортсерікті шақырсам, келмейді. Қызыл батырма жанып тұрғанын көріп тұрғанына қарамастан, келген жоқ. Кейін 10 минут қалғанда тағы бір бортсерік жанымнан өтіп бара жатқанда “Бір стақан су беріңізші” деп сұрадым. Қолымда немерем айғайлап жылап жатыр. “Қонғанда, өзіңіз келіп ішіп кетіңіз” деп өтіп кетті, – дейді өнер иесі.

Айгүл Иманбаева бортсеріктің бұл қылығы жүйкесін жұқартқанын жасырмады.

Ұятсыздар! Сіздер қандай мемлекетте тұратындарыңызды білесіздер ме? Қазір Рамазан айы ғой. Ашуланғаннан қолым дірілдеп тұр, – деді әнші.

Оның сөзінше, мұндай жағдайлар әуе компанияның беделіне кір келтіреді.

Мынау сұмдық! Ораза айы. 20 минут бұрын сюардессаны шақырып, бір стақан су сұрап ала алмадым. Қолымда кішкентай немерем, ол қолға отырмай жылап жатыр. Бұған қоса, ұшақ қонған соң бізге өзіңіз келіп ішіп кетіңіз дейді. Жалған бет жасап алған, масқара. Әр жолаушы біз үшін маңызды деп қояды. Өтірік. Мен өмірімде бірінші рет қатты ашуланғандықтан, осылай желіге салып отырмын, – деп жазды ол.

Актриса ақыр соңы оразасын жақындарының шаңырағына барып ашқан.

Айгүл Иманбаева ұшақта бортсеріктермен жанжалдасты

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Басқа жаңалықтар

Back to top button