Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс тәртібі айқындалды: Балаева немен айналысады
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.



