Әлем

Қырғызстанның қарызы 8,9 млрд долларға жетті

Бұл туралы Қаржы вице-министрі – Орталық қазынашылық директоры Үмітжан Аманбаев мәлімдеді

Қырғызстанның қарызы 8,9 млрд долларға жетті. Оның 5,3 млрд доллары сыртқы қарыз болса, 3,6 млрд доллары ішкі қарызға тиесілі, деп хабарлайды Kабар-ға сілтеме жасаған NewsMedia.kz.

Бұл туралы Қаржы вице-министрі – Орталық қазынашылық директоры Үмітжан Аманбаев мәлімдеді.

Сыртқы қарыздар ратификациядан кейін инфрақұрылымдық және экономикалық жобаларды іске асыруға бағытталады. Биыл серіктес мемлекеттермен жасалған келісімдер аясында шамамен 28 млрд, ал кейбір бағыттар бойынша 35 млрд-қа жуық қаражат негізінен мектептер мен жол салуға жұмсалады. Мұндай жобалар экономиканың, соның ішінде жалпы ішкі өнімнің өсуіне әсер етеді. Өйткені жаңа жұмыс орындары ашылып, салық түсімдері артады, — деді ол.

Аманбаев Қытайға тиесілі қарыз мәселесіне де тоқталды. Қазір Қытайға берешек $1,4 млрд-ты құрайды. Оның жалпы мемлекеттік қарыз көлеміндегі үлесі 27%-дан төмендеді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 40% болған.

2020 жылдарға дейін Қытайға берешек жалпы қарыз көлемінің 80-90%-ын құрады. Кейбір кезеңдерде оның мөлшері бюджет кірісінің 100%-ына дейін жетті. Ал биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 16%-ға дейін төмендеді. Демек, қазіргі таңда Қытайға берешекті толық өтеуге қаржылық әлеуетіміз жеткілікті. Қарыздың көлемі бюджетіміздің 16%-ына ғана тең. Оны өтеудің арнайы тетіктері де қарастырылған, — деп атап өтті Үмітжан Аманбаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button