18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
Астанада түнде ауа температурасы +12…+14 градус, күндіз +23…+25 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді
18 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жылы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бірқатар облыста жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Астанада
Астанада түнде ауа температурасы +12…+14 градус, күндіз +23…+25 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.
Алматыда
Алматыда түнде +12…+14 градус, күндіз +27…+29 градус жылы болады. Қалада жауын-шашын болжанбайды. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр шамасында болады.
Ақмола облысында
Ақмола облысында түнде +11…+16 градус, күндіз +20…+25 градус болады. Өңірдің батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі ықтимал.
Павлодар облысы
Павлодар облысында түнде ауа температурасы +5…+10 градус аралығында болады. Күндіз +18…+23 градусқа дейін жылынады. Өңірдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей аудандарда жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысында түнде +2…+7 градусқа дейін салқындайды. Таулы аудандарда -2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +20…+25 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді, бірақ кей жерлерде желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Алматы облысы
Ал Алматы облысында түнде +10…+15 градус, таулы аудандарда +2…+7 градус болады. Күндіз +27…+32 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болжанбайды. Алайда облыстың батысы, солтүстігі мен таулы аймақтарында жел секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Синоптиктердің мәліметінше, 18 қыркүйекте еліміздің өңірлерінде ауа райы біркелкі болмайды: бір жерде күн жылы әрі ашық болса, солтүстік және шығыс облыстардың кей бөлігінде жаңбыр жауады.



