Қоғам
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: зардап шеккендер бар ма
Аулада алкогольдік ішімдік ішкен бір топ жас айналасындағыларға тиісіп, жанжал туғызған
Астанада тұрғын үй ауласында атыс дауысы естіліп, полиция шақырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысқан барлық адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Оқиғаға қатысты ақпаратты «За нами уже выехали» Telegram арнасы таратқан. Мәлімет бойынша, полицияға аулада атыс болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері барған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, аулада алкогольдік ішімдік ішкен бір топ жас болған. Олар айналасындағыларға тиісіп, жанжал туғызған.
Полицияның мәліметінше, тұрғындардың бірі жағдайды тоқтатуға тырысып, газ тапаншасынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан.
Оқиғаға қатысқан адамдардың барлығы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.
Полиция заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын хабарлады.



