Атыраудағы қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы сұхбат берді

Журналист Жанат Жақсыбайқызы Атыраудағы бүтін бір отбасының жоғалып кетуіне және ерлі-зайыптының қазасына күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемалиевтің анасынан сұхбат алды, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ақбаян психдиспансерде есепте тұр»: Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық дерек тарады
Атырауда бүтін бір отбасы жоғалып кетті: күдіктіге іздеу жарияланды
Атырау облысындағы жоғалған отбасындағы екінші қыздың ізі табылды
Алайда тілші сұхбатты әзірге жарияламайтынын мәлімдеді. Ол өзінің іссапары кезінде күдіктінің әйелімен бірге жалдап тұрған қоржын үйге барған.
Қоржын үйдің бір жағын тағы бір отбасы жалдап тұрады екен. Көршіден көрген-білгендері туралы сұрайын дегенбіз, шықпады. Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен әйелі Ақбаян Мұқанғалиева осы үйді жылдан астам уақыт жалдап тұрған. 5 қараша күні Жангелдин ауылынан Мейрамгүл Қарабалиеваны алып шыққан қыз-күйеу осында келген деген болжам бар. Жоғалған Наурыз Атырауда осы уйде болған. Ол күйеу баласы жұмыста болғанда қарындасына қарасып, көмектескен. Естеріңізде болса, Наурызды туыстары соңғы рет 2025 жылдың мамыр айында көрген, – деп жазды журналист.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Атырауда жоғалып кеткен отбасы туралы ел естімеген дерек шықты
«Көрші елде нөмір қосылған»: Атырауда жоғалған отбасы жайлы сұмдық дерек шықты
Атырауда жоғалған отбасы туралы тың дерек шықты
Сондай-ақ ол біреулердің жұмыс телефонына тыным бермей жатқанын тілге тиек еткен. Оларды күдіктінің анасы айтқан сөздер қызықтырған. Соған қарамастан журналист сұхбатты кешірек салатынын жеткізді.
Дайын асқа, тік қасық» деп күтіп отырған түрлі сайттар мен каналдар бар, – деп ашынды ол.
Сонымен қатар журналист іздеу жұмыстары жайлы жазды.
Атырау облысының Полиция департаменті үш күннен бері осы жалдап тұрған үйдің айналасын қазып, георадармен іздеп жатыр. Меніңше, жоғалған қыз осы айналадан табылып қалатын сияқты. Атырау қаласы Геолог ықшам ауданы – қорқынышты жер, – деп жазды Ж. Жақсыбайқызы.
Оның айтуынша, 5 баланың кішісі 1 жаста, үлкені 10 жаста екен. Үлкен ұлдары әке-шешесін іздеп жүр.
Коллаж: turkystan.kz



