Қоғам

«Иман орамалға байланбаған»: Дінтанушы қазақта хиджаб болмағанын айтты (ВИДЕО)

Дегенмен көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірі ғалымды қолдаса, енді бірі қарсы шықты

Дінтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы Айнұр Әбдірасілқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында қазақ қыз-келіншектері хиджаб тақпағанын айтты, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Әніңді айтып, тыныш жүре берсеңші»: Нұрлан имамның алдында уағыз айтқан Сәкен Майғазиев қызу талқыға түсті

Оның айтуынша, орамал тағу парыз амал екенін жоққа шығаруға болмайды. Алайда дінтанушы иман тек қана онымен шектелмейтінін атап өтті.

Дегенмен көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірі ғалымды қолдаса, енді бірі қарсы шықты.

«Қазақ қызы орамалды тек беташардан кейін, келін болғанда таққан. Орамал – әйелдің отбасылы болған статусының белгісі. Кимешекті балалы болғанда киген. Араб болма, қазақ бол!», «Орамал – парыз, хиджабтың қазақшасы орамал, қыздар қызыл орамал, әйелдер ақ орамал таққан», «Олай емес, қазақтың кимешегін жоққа шығармаңыз. Қазақты орыстандыру уағында сол бір жапырақ орамал тағылып, кейін мүлде шешілді. Қазақтың бай тарихын, киім үлгісін, орамалын, кимешегін жоққа шығармаңыз. Қазақ әу баста дінді ұстанып, ақ кимешегін киіп, балалы болған, алғашқы сәттен бастап кимешек кигізген, жас келін омырауын жауып, бала емізген. Хиджаб аудармасы орамал деген сөз емес пе, жамылғы кимешек деген сол емес пе!», «Алланың заңын жоққа шығарып отыр. Астағфируллаһ, Құран Кәрімде жазылған ғой», «Хиджап арабтың емес мұсылманның киімі. Әуретті жерлерді жауып жүру Алланың әмірі. Оны талқылауға ешкімнің құқығы жоқ!», «Өте білімді, осы кісінің ұстанымы мен қазаққа берері ұшан теңіз. Қазақы менталитет, қазақы дінді әдемілеп жеткізеді», – деп жазып жатыр оқырмандар.

Коллаж: Sn.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button