Әлем

Қамчыбек Ташиев Қырғызстаннан кетті

Алайды мемлекеттік органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ

ҰҚМК-ның бұрынғы төрағасы Қамчыбек Ташиев уақытша Қырғызстан аумағынан кетті, деп хабарлайды NewsMedia.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Ақпаратты “Регион” телеарнасының директоры Өктүрбек Рахманов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Ташиев уақытша сапарға аттанды. Жарияланған видеода оның шетелге шығу мақсаты және онда қанша уақыт болатыны жайлы мәлімет келтірілмеген.

Қамчыбек Ташиевтің елден шығуына байланысты мемлекеттік органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

БАҚ мәліметінше, бұған дейін қоғамда Қамчыбек Ташиевке қатысты кадрлық шешімдер қызу талқыланған. Осы тұста оның алдағы жоспарына қатысты түрлі болжамдар да айтылып жүр.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевті қызметінен босатқан болатын.

Фото: mk.kg

Басқа жаңалықтар

Back to top button