«Ақтөбеден келген сәлафит»: Айгүл Орынбек Шымкентте әйелді өлтірген күдікті туралы айтты
Кейін тағы бір қызға пышақ ала жүгіріп, одан соң полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен

Шымкентте көшеде келе жатқан әйелді бауыздап өлтірген қаскөй сәлафит, жат ағымның жетегіндегі жігіт. Белгілі заңгер Айгүл Орынбек қанды қылмыстың Шымкентте жиіленіп кеткенін айтып, дабыл көтерді. Соңғы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Заңгер қылмыскердің сәлафит, уахаб ұстанымында болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды
Жаңаөзенде ауруханада жас дәрігерді пышақтап өлтірді
Шымкентте 21 жастағы бойжеткенді танысы көшеде пышақтап өлтірген
Sn.kz-тің жазуынша, заңгер Айгүл Орынбек қылмысқа Ақтөбе қаласынан келген ер адам күдікті ретінде ұсталғанын жеткізді. Қазіргі таңда оның бұл әрекетке не себепті барғаны анықталып жатыр.
Күдікті алдымен бір әйелге шабуыл жасаған. Кейін тағы бір қызға пышақ ала жүгіріп, одан соң полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.
Осы сәтте құқық қорғау органдары қызметтік қару қолданып, күдіктіні аяғынан атып, дер кезінде залалсыздандырған. Оқиға кезінде полиция қызметкерлері Абай Байжанов пен Азамат Нарбаевтың жедел әрекет етуі арқылы басқа адамдардың өмірі сақталып қалды, — деді заңгер.
Айгүл Орынбек бұл жағдай жан-жақты тексерілуі тиіс екенін айтып, құқық қорғау органдары күдіктінің Шымкентке келу мақсатын және қылмысқа итермелеген себептерді анықтауы қажет екенін жеткізді.
Қала тұрғындарына қоғамдық орындарда сақ болу керек. Күдікті адамдарды байқаса, бірден 102 нөміріне хабарлау қажет. Мұндай қылмыстар қоғамда үрей тудырып, тұрақтылықты шайқауға бағытталуы мүмкін. Сондықтан құқық қорғау органдарының жедел әрі кәсіби әрекеті — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі. Ақтөбеден арнайы келген күдікті сәлафит, уахаб деген күдік бар. Деструктивті жат ағымның жолында болуы мүмкін, бәрі тексерілуі тиіс, — деді заңгер.



