Саясат

Саяси өмірде жоқ саяси партиялар…

Бүгін әрекет етпесе, ертең құрылымдық шындыққа бейімделуге мәжбүр болады

Қазір конституциялық реформаны қолдаушы 5 партияның коалиция құруы – жай ғана тактикалық бірлесу емес. Егер осы коалиция болашақ Парламентті, яғни, бізше айтқанда, Құрылтай форматындағы жаңа саяси конфигурацияны жасақтайтын негізгі субъектілердің бірі болады деп түсінсек, онда бұл – елдің саяси архитектурасы қайта жиналып жатқан сәт деген сөз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Конституция жобасында талқылауды қажет ететін тұжырымдар кездеседі – Нұрлан Көптілеуов

Осы тұрғыдан алғанда коалиция құрамына кірмей қалған партиялар үшін уақыт факторына мән беру аса маңызды. Бұл жерде мәселе «шақырылмады» немесе «алып тасталды» дегенде емес, саяси салмақтың, көшбасшылықтың және идеологиялық өзектіліктің жеткіліктілігінде. Болашақ Парламентті қалыптастыратын үдерістен тыс қалу кейінгі кезеңде жүйелі ықпал ету мүмкіндігін әлсіретуі әбден мүмкін.

Сондықтан коалициядан тыс қалған партиялар бүгін әрекет етпесе, ертең құрылымдық шындыққа бейімделуге мәжбүр болады. Не көшбасшылық моделін жаңарту, не идеологиялық күн тәртібін қайта құру бұл енді таңдау емес, институционалдық қажеттілік. Болашақ саясат күтпейді…

(Жалғасы бар)

Нұрлан КӨПТІЛЕУОВ,

Азаматтық интеллект

және қоғам инновацияларын дамыту

институтының директоры

Фото: BAQ.KZ

Басқа жаңалықтар

Back to top button