Әлем

Өзін Трамптың қызы деп санайтын түркиялық әйел Ирандағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады

Оның айтуынша, Ирандағы әскери қақтығыстар оның сөздерінен кейін басталған

Өзін АҚШ Президенті Дональд Трамптың биологиялық қызы деп санайтын түркиялық әйел Неджла Озмен Ирандағы әскери шиеленіске қатысты ерекше мәлімдеме жасады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Бұған дейін түрлі мәлімдемелерімен әлеуметтік желіде танылған әйелдің айтуынша, Ирандағы әскери қақтығыстар оның сөздерінен кейін басталған. Ол АҚШ Президенті бұл арқылы өзінің мәселесін қоғам назарынан алып тастауға тырысып отыр деп есептейді.

Менің әкем Иранға қарсы соғыс бастады. Менің ойымша, ол мені ұмытып кетуге тырысып жатыр, – деді Озмен әлеуметтік желіде жариялаған видеосында.

Сонымен қатар ол Иранды қолдайтынын айтып, «биологиялық әкесі» деп атаған Дональд Трампты басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауға шақырды.

Айта кетейік, Неджла Озмен бұған дейін де бірнеше рет Дональд Трампты өзінің әкесі деп мәлімдеген. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Оның бұл мәлімдемелері әлеуметтік желілерде түрлі пікір туғызып, қолданушылар арасында қызу талқыланып жатыр.

Фото: ru.haberler.com

Басқа жаңалықтар

Back to top button