Дәл осылай дедіСаясат

«Қазақстанда орыс тілінің жоғары мәртебесі сақталады»: Дәурен Абаев ресейліктерге алғыс айтты

Оның айтуынша, Конституция мәтінінің қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңдық күшке ие болуы – мемлекет тарапынан тілдік теңдік пен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев жаңа Конституция елдегі орыс тілі мен орыстілді азаматтардың құқықтарын қорғау саясатын жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Оның айтуынша, Конституция мәтінінің қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңдық күшке ие болуы – мемлекет тарапынан тілдік теңдік пен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «…Ешқашан өзгермейді»: Назарбаев референдумда өз таңдауын жасады

Қазақстан халықаралық аренада Ресей үшін сенімді әрі тұрақты серіктес болып қала береді. Сонымен қатар елімізде орыс тілінің жоғары мәртебесі сақталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Конституцияның екі тілде бірдей заңдық күшке ие болуы – орыс тілді азаматтарды қорғауға бағытталған саясаттың айқын көрінісі, – деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ елші жаңартылған Конституцияда адам құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл құжат елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз қалайды.

Бұдан бөлек, Дәурен Абаев референдум барысында бақылаушы ретінде қатысқан Ресей тарапының өкілдеріне алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум 15 наурыз күні өтті. Ресми мәліметке сәйкес, оның қорытындылары 17 наурызда жарияланып, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87 пайыздан астамы Ата заңды қолдаған.

Сондай-ақ биылдан бастап Конституция күні 15 наурызға бекітілді. Жаңа Ата заңның негізгі авторы – Қазақстан Республикасының Президенті.

Фото: РИА Новости

Басқа жаңалықтар

Back to top button